Шымкентегі №1 қалалық клиникалық ауруханасына 60 жастағы ер кісі 18- тамызда түнгі 04.00 де қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасымен ауыр жағдайда түскен. Жағдайының ауырлығына байланысты науқасты дәрігерлер реанимациялық залға кіргізіп, шұғыл көмек көрсеткен. Пациентте пульс анықталмай, есінен танып, жүрек соғысы болмаған. Медицина қызметкерлері жедел түрде реанимациялық шараларды бастап, қатарласа анализ алынып, УДЗ түсірген. Жүрек ритмі […]