Жыл басынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел қызметтері іздеуде жүрген 300-ден астам қылмыскерді ұстады, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен 200-ден астам адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Мәселен, Павлодар облысының кенттерінің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде павлодарлық тұрғынды атыс қаруымен атып өлтіргені үшін 2011 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген Данат Бакибаев ұсталды. Алматы облысында Сабыржан Масахбаев ұсталды. […]