Жыл сайын 30-дан астам адам газдан уланып көз жұмады

Газды дұрыс пайдаланбаудың кесірінен жыл сайын 30-дан астам адам уланып көз жұмады. Төтенше жағдай министрінің орынбасары Марат Күлдіков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай дерек келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жылу беру кезеңіндегі күрделі мәселенің бірі – тұрмыстық газды пайдалану. Көбінесе, бір пәтерде газ баллонын дұрыс пайдаланбау және оны сақтау көрші пәтердегі адамдарға қауіп төндіреді. Қолдағы мәліметтерге сүйенсек, жыл сайын ел аумағында табиғи және сұйытылған газбен уланудың салдарынан 30-дан астам адам қайтыс болады. Ал газ баллон жарылған кезде бір топ адамның өліміне әкеліп соғады», -деді Марат Күлдіков. Айтуынша, азаматтардың ескірген және жарамдылық мерзімі өтіп кеткен баллондарды пайдалануы жағдайды қиындатып отыр. «Тұтынушылардың көпшілігі, әдетте, баллондарын жақын маңдағы жанармай құю бекеттерінде толтырады. Алайда, заңға сәйкес жанармай құю бекеттерінде тұрмыстық баллондарды толтыруға тыйым салынады, бұл газбен жабдықтау жүйелерінің қауіпсіздік талаптарын бұзу болып табылады», - деді вице-министр.

Читать источник turkistan.tv
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында қатарынан үш гол соқты
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды