Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жанындағы «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» кәсіп бастағысы келіп жүрген әйелдер үшін тегін оқытуды бастады. Қазір қаланың қыз-келіншектері кәсіби мамандардан массаж ісін үйреніп, жаңа саланы игеруде. Бұл іс-шара мемлекеттік қаражат есебінен тегін негізде өткізіліп жатыр. Мерей Ибрагим қазір декреттік демалыста жүргеніне қарамастан жаңа саланы үйренуге бет бұрған. Негізі мамандығы бастауыш сынып мұғалімі. […]