Қазір жылжымайтын мүлік саласындағы сауда-саттық күрт төмендеген. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше мамырда 30 мыңнан астам жылжымайтын мүлік сатылған. Келісімшарт саны сәуірмен салыстырғанда 42 пайызға, ал былтырдың осы кезімен салыстырғанда 37 процентке аз. Пәтер сатып алу белсенділігі әсіресе, Солтүстік Қазақстан мен Қызылорда облысында төмендеген. Сарапшылардың айтуынша бұған қымбатшылық және зейнетақы қорындағы жеткілікті шектің өсуі себеп дейді. […]