Шымкенттің республикалық маңызы бар қалалар мәртебесіне ие болғанына биыл 5 жыл. Қуантарлық жағдай. Алайда, шаһардың іргесінде бой көтеріп жатқан жеке секторды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі назардан тыс қалып жатыр,- дейді Тұран ауданына қарасты Құрсай шағынауданындағы Жылысай көшесінің тұрғындары. Айтуларынша, жол мүлдем жоқ, электр бағаналары ескі. Ал су құбыры желісінің құрылысы әлі күнге сағызша созылып келеді. […]