Түркістанда көп қабатты үйдің тұрғындарына жылыту маусымы кезінде газдан уланудың алдын алу мен өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шараға төтенше жағдайлар департаменті мен газ инспекциясының мамандары, жергілікті атқарушы орган мүшелері мен еріктілер қатысты. Жылыту маусымы бастала сала елімізде иіс тиіп улану өрт оқиғалары жиілейді. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі осындай жағдайлардың алдын алу жұмыстарын бастады. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбі газдан улану мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға аса көп мән бермейді. Былтырғы жылы улы газдан улану бойынша облысымызда 3 оқыс оқиға тіркелген. Сондықтан Төтенше жағдайлар қызметі күз бастала салысымен жеке тұрғын үй секторларын аралауды бастады. Мамандар газдан, көмірден келетін қауіп-қатердің алдын алып, тұрғындардың пешін тексеріп дамыл таппай жүр. Түркістан қаласы аумағындағы жүргізілген рейдтік жұмыстар нәтижесінде Сырдария тұрғын үй кешені №17 үй төтенше жағдайлар қызметі тарапынан «Үлгілі үй» есебіне алынды. Өйткені мұндағы пәтерлердің барлығы техника қауіпсіздік талаптарына толықтай сәйкес келеді. түтін шығатын мұржалар мен Газ жүйесінің дұрыс орналасуы, улы газдың шыққандығын ескеретін дабыл қаққыш қондырғылары орнатылған. Тұрғындар түсіндіру шараларын өткізген сала мамандарына өз алғыстарын білдірді. Қауіпсіздік шараларын жүргізіп жатыр екенсіздер 100 пайыз қосыламын. Керемет мұндай қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіріп жатырсыздар. Бұл бәріміз үшін өте қажетті. Әсіресе жас жанұялар үшінү Қазір барша үйде газ бар. Қауіпсіздік талаптарын сақтау ел тыныштығын сақтаумен тең. Айта кетейік, Түркістанда жылыту маусымы 1 қарашадан 1 сәуірге дейін жүреді. Яғни 149 күнді қамтиды. Қазіргі таңда облыс бойынша орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 626 көпқабатты тұрғын үйдің барлығына жылу берілген. Мамандардың айтуынша, Түркістан облысында газдан улану фактісі биыл тіркелмеген