Жылыту маусымындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 1 миллионнан астам тұрғынға нұсқама берілді

Жылыту маусымы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан халық газдан уланып, жеке секторда өрт оқиғалары тіркеліп жатады. Сала мамандары «өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамау қайғылы оқиғалар тудыруы мүмкін» деп қабыл қағады. Жылыту маусымы кезіндегі өрт қауіпсіздігі туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында баяндалды. Онда алдын алу шараларын барлық құзырлы орган өкілдері жұмыла жүргізуі тиіс екені айтылды.  – Өрт қауіпсіздігіне қатысты түсіндірме жұмыстары үздіксіз жүргізілгені жөн. Сапасыз пештер мәселесі де өзекті. Түркістандағы жаңадан пайдалануға берілген көпқабатты үйлерді де аралап, тұрғындарына қауіпсіздік шараларын түсіндіріңіздер. Ауылды елді мекендерде де тұрғындар газ пешін жаңадан орнатып, оны дұрыс қоса алмауы мүмкін. Жылыту маусымындағы қауіпсіздік мәселесі қатаң бақылауда болады, – деді Дархан Сатыбалды.  Облыс аумағында жылыту маусымына орай тұрғын үйлердегі газ қолдану, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Пешпен және рұқсат етілмеген пештердің көмегімен жылынатын жеке үйлердегі жағдай – басты назарда. Төтенше жағдайлар департаменті арқылы жыл басынан 257 407 (376 227 есепке алынған) жеке тұрғын үй араланып өрт қауіпсіздігіне қатысты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілген. 430774 кемшілік анықталды. 1 млн. 203 мың 286 тұрғынға нұсқама берілді.  Жылыту маусымында өрттің алдын алу улы газдан уланудың алдын алу мақсатында мамандар газосигнализатор қондырғыларын орнатуды ұсынады.  

Читать источник turkistan.tv
«Асын ішіп, аяғына түкіру» дейді мұндайды»: Димаштың анасы танымал ресейлік блогерді орнына қойды (ВИДЕО)
Сенаторлар өңірлерге барады
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
«Күйеуі жоқ әйелге қиын»: Мақпал Жүнісова сахнада елді күлкіге қарқ қылды
Депутат Air Astana-ның тағы бір қулығын әшкереледі
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды