Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады. «Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!» – деп жазылған Президенттің Twitter парақшасында.