Шымкентте бір топ азамат қажылыққа алып баруға уәде беріп, қаржысын алған туристік агенттік өкілдерін таппай жүр. Сан соғып қалдық деген азаматтар 12 қаңтардан бері не сапарға шыға алмай, не ақшасын қайтара алмаған. Қажылық сапарын өтеуге ниеттенгендердің ішінде тек Шымкент, Түркістан облысының тұрғындары ғана емес, Орал, Атырау қаласынан келгендер де бар. Бұл кіші қажылыққа сапарға шығамыз […]