Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге қала аумағындағы бірқатар медициналық мекемені аралады. Педиатриялық қызмет орталықтандырылған 495 төсек орындық қалалық Балалар клиникалық ауруханасында 18 бейін бойынша медициналық көмек көрсетіледі. Бюджет есебінен алынған аппараттардың көмегімен мұнда күрделі оталар жасалып, операция саны артуда. Ал келесі жылға алынған қан айналымы құрылғысының көмегімен ауруханада кардиохирургия бөлімшесін ашу жоспарланып отыр. […]