Шымкент қалалық Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ елдімекенінде 60 мыңнан аса халық қоныстанған. Қазір аталған елдімекенде бірнеше инфрақұрылым жүйесі қатарынан тартылуда. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Қайнарбұлақтағы осы инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстардың жай-күйін білу мақсатында нысандарды аралауға шықты. Айта кеткеніміз жөн, Қайнарбұлақта ауыз су кесте бойынша шектеулі уақытпен беріледі. Сондықтан Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз […]