Бүгін қала әкімінің бірыңғай қабылдауы өтті. Онда жиналған халықтың қарасы қалың. Дегенмен әкіммен тек 40 адам кездесті. Басқа тұрғындар уәжін кім тыңдайды? Таңнан бері қала басшысының жеке қабылдауына келіп, кезегін күткендер қарасы қалың. Олар бірнеше айдан бері тізімге жазылып, кезегін күткен. Ақсұлу Есекенованың тұрғын үй саласында қордаланған проблемасы көп. Оны тыңдайын құлақ жоқ дейді ол. […]