Бүгінде Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан үшінші мегаполистегі емдеу мекемелерінің клиникалық-базалық жағдайын жақсартуға барынша жағдай жасалуда. Емдеу мекемелері заманауи соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталуда. Соның арқасында науқастар бұрынғыдай теңіз асып, тау басып, шетелге барып емделмейтін болды. Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы даму жоспарына және бұйрығына сәйкес Қалалық жұқпалы аурухана орталығы балалар ауруханасының балансына […]