Тәуелсіз бақылаушылар атом электр станциясын салу жөніндегі республикалық референдумның өту барысын жіті бақылап отыр. Таңертеңнен бастап қоғамдық ұйым өкілдері мен белсенділер шараның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етіп, дауыс беру процессін қадағалап жатқанын айтады. «Біз таңертең 8-ден бастап осында референдумның өту барысын қарап тұрмыз. Әзірге ешқандай заң бұзушылық болмады. Бәрі тәртіп бойынша, жақсы өтіп жатыр», — […]