Іздеуде жүрген (қылмыстық көлік) немесе толық кедендік тазартудан өтпеген, тіркеу мемлекетінен есептен шығарылмаған, сондай-ақ 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін әкелінген автокөліктер. Көліктің Қазақстан аумағына қашан кіргені қалай анықталады? Көліктің кіргізілген күні ҰҚК Шекара қызметінің деректері негізінде анықталады. Бұл процесс толығымен автоматтандырылған. Егер көлік жайлы ақпарат Шекара қызметінде болмаса, бұл мәлімет автосақтандыру полисі алғаш рәсімделген күн […]