Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жарияланды. «Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр», – деді президент Қазақстан халқына жолдауында. Тоқаев мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдеткенін еске салды. […]