«Қазақстан халқына» қоры қаралы қаңтарда зардап шеккен 614 адамға жалпы сомасы 2 миллиард 434 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті. Абайсызда қаза тапқан 145 азаматтың отбасына 1 миллиард 15 миллион теңгеден көмек көрсетілген. Қайтыс болған азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 131 балаға 262 миллион теңге бөлінді. Атыс қаруынан жарақат алып, жәбірленуші деп танылған 200-ден астам ауыр жарақаттанған […]