Шымкентке биыл қыс мезгілі мінезіне мініп келді. Соңғы күндері қалада қар толассыз жауып, көшелер мен жүргіншілер жолын тазалау үздіксіз жүргізіліп жатыр. Автомобиль жолдары біраз ашылып қалғанымен, жаяу жүргіншілер жолын толықтай тазарту әзірге тиісті деңгейде атқарылар емес дейді тұрғындар. Осы ретте олар бұған көңіл бөлініп, әсіресе жылда қыста жыр болатын тайғақ тақталарды тап-таза етуді сұрап отыр. […]