Қараша айында сыбайлас жемқорлардан алынған ақша мектеп құрылысына бағыттала бастайды – Әлихан Смайылов

Қараша айында сыбайлас жемқорлардан алынған ақша мектеп құрылысына бағыттала бастайды – Әлихан Смайылов

Кеңесте облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдегі ағымдағы ахуал, негізгі экономикалық көрсеткіштер мен инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Сонымен қатар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев,  бірінші энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков, ауыл шаруашылығы вице-министрі Жеңіс Өсербай және оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев баяндама жасады. Баяндамашыларды тыңдап болғаннан кейін Премьер-Министр биыл облысты дамытуға республикалық бюджетте 367 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылғанын атап өтті. Бюджетті нақтылау кезінде тағы 100 млрд теңге бөлінді. «Бұл қаражат инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге және өңірдің агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бағытталған. Жыл соңына дейін аз уақыт қалды, сондықтан жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету қажет», — деді Әлихан Смайылов. Сонымен қатар Үкімет басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің сақталуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Премьер-Министр қазіргі уақытта кесене айналасында қарқынды құрылыс жүріп жатқанын, оған келушілер саны да едәуір артқанын атап өтті. Осыған байланысты әкімдік ЮНЕСКО мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын қатаң сақтауы керек. Экономикалық мәселелерге тоқталған Әлихан Смайылов азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін бірінші кезекте өңірдің дамуына серпін беретін жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу жөнінде шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Мәселен, биыл облыста 33 млрд теңгеге 29 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұдан бөлек 1,9 трлн теңгеге тағы 74 жоба талқыланып жатыр. Сонымен қатар Премьер-Министр азық-түлік тапшылығына және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін барлық қолда бар нарықтық механизмдерді тиімді пайдалану, облыстың инфрақұрылымы мен агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша кешенді жұмыс жүргізу, сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірдегі оқушы орындарының санын ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап көрсетті. Кеңесті қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында бүкіл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін нақты қадамдарды белгілегенін еске салды. Олардың ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды кеңейту, пайдаланылмаған жерлерді қайтару, жаңа мектептер салу, ауыл медицинасын жаңғырту және т.б. бар.  

Читать источник turkistan.tv
  Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабылды
Ауа райының қолайсыздығына байланысты екі облыста жол жабылды
  • aikyn
Ақтөбеде белгісіз адам бөтен үйге басып кіріп, бойжеткенді кепілге алған
Ақтөбеде белгісіз адам бөтен үйге басып кіріп, бойжеткенді кепілге алған
  • el.kz
«Бортсерікті ұрып, бомба бар деп айқайлаған»: елорда әуежайында болған оқиғаның мән-жайы айтылды
«Бортсерікті ұрып, бомба бар деп айқайлаған»: елорда әуежайында болған оқиғаның мән-жайы айтылды
Алматы облысында тіс дәрігері ауырып келген науқасқа қол көтерген
Колледждер мен ЖОО студенттерінің стипендия мөлшері артады
Тұрғындар сырты бүтін, іші түтін баспанадан безіп отыр
Білім беру ұйымдарына арналған ас мәзірінің үлгісі жасалды
Жұмыс орнында 4 адам қаза тауып, 23 адам зардап шеккен
Желіні жарған шымкенттік маймыл 
Қазақ елі Мекемтас Мырзахметұлын соңғы сапарға шығарып салды
Ғалымдар адамның өз-өзіне есеп беруінің психологиялық маңызын айқындады
Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясы салынады
Тегін тамақ, оқушылар тасымалы: Алматының білім саласында қандай оң өзгерістер іске асты
TikTok жасөспірімдер ең көп қолданатын платформа атанды
«Адам өзін-өзі қабылдаған кезде бақытты болады» – жазушы қыз аяқтан қалай тұрғанын айтып берді
ҚБТУ-дағы өрт: төтеншеліктердің арқасында тілсіз жау үлкен аумаққа таралмады
Анасын бауыздап өлтіріп, денесін өртеп жіберген
Смартфон арқылы алжудың алғашқы белгілерін ертерек анықтауға болады – зерттеу
Шымкентте ер адам өз анасын өлтіріп, мәйітін аулада өртеп жіберген
Ғалымдар ұйықтататын дәрілердің миды демалтпайтынын анықтады
Ғалымдар ұйықтататын дәрілер миды демалтпайтынын анықтады
Алматылық музей қызметкерлеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр
Мұхтар Шаханов Мағауиннің қазасына байланысты халыққа көңіл айтты
«Ер азаматтың парызы»: Қуат Хамитов інісін әскерге жіберді