Шымкентте мұғалімдер арасында футболдан сайыс өтті. Жарыс ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында ұйымдастырылған. Шара мақсаты мектеп мұғалімдерін достыққа шақырып, бұқаралық спортты дәріптеу. Сайысқа Қаратау ауданында қарасты 14 мектеп құрамасы бақ сынайды. Бұл турнир келесі апта да жалғасын тауып, ақтық финал өтеді. Онда аудан мықтылары анықталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілмек.