Қаржылық пирамидаларға алданғандар көп

Қаржы пирамидалары дендеп барады. Өткен жылы еліміз бойынша 31 мыңнан астам азамат  қаржы пирамидаларының құрбаны болған. Оларға жалпы сомасы 54 млрд тг ден астам қаржы көлемінде залал келіпті. Қазіргі кезде ішкі істер органдарының өндірісінде осы санаттағы 65 қылмыстық іс бар дейді.  Түркістанда қаржы пирамидасының құрығына түскен бойжеткен аты-жөнін атамауды өтінді. Айтуынша, құрбысының күйеуі белгілі бір компанияға тіркелуді өтінген. Жігіт алдымен тіркелу үшін қыздан қомақты қаржы талап етіпті. Танысының сөзін жерге тастамайын деп, несие алып, компанияға ақша салған қыз, оның қаржы пирамидасы екенін кеш ұғыпты. Ақшамды екі еселеп аламын, деп алаяқтарға алданған жалғыз бұл бойжеткен емес. Мәселен мына қыз аукционнан қомақты ақша шығарып беремін деп Түркістандық тұрғынды сендіріп, 800 теңгесін алып қойған. Алайда арадан 1 жыл уақыт өтсе де, сенген адамы не уәдесін орындамаған, не алған ақшасын қайтармаған. Күдіктінің жалпы осындай 15 алаяқтық қылмысқа қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның көлемі 4 миллион теңгеге жуық.  Бүгін осы тақырып турасында Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде семинар өткізілді. Шара экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өтті. Қаржылық сауаттылық және қаржы пирамидасының алдын алу мақсатында өткізілген шараға оқу орданың жоғарғы курс студенттері мен оқытушылары қатысты. Мамандардың айтуынша түскен арыз-шағымдардың көбісі әйел адамдардан келетін көрінеді.  ГҮЛЗИЯ ҚАРСЫБАЙ - ТО ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ - Өңіріміздегі қаржы пирамидасына ақша салған азаматтардың 99 пайызы әйел азаматтар. Оның жаңағы көп бөлігі олар ұстаздар қауымы. Сондықтанда осы бағыттағы ұстаздар ол біздің жастарға, балаларымызға білім береді. Сондықтанда сол ұстаздардан бірінші алдын алу шараларын бастауды жөн көріп отырмыз. Сондай-ақ сізге қаржы пирамидасының қатысушысы болу ұсынылған жағдайда дереу тұрғылықты жеріңіз бойынша құқық қорғау органдарына шағымдансаңыз болады екен. Алдағы уақытта мамандар облыс аумағындаға барлық оқушылар мен студенттерге қажетті ақпараттандыру жұмыстарын жүргізбек.     

Читать источник turkistan.tv
Иран валютасын өзгерткелі жатыр
Ақмола облысында ондаған асхана рұқсатсыз жұмыс істеген
Винисиус Жуниор Лига чемпиондары гол санынан Луис Суареспен теңесуі мүмкін
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды