Бірлікті бекемдеген жүздесу. Түркістан облысының әкімі Бейсен Тәжібаев Сауран ауданы мен Кентау қаласының этномәдени бірлестік мүшелерімен кездесті. Жиында ұйымдар өз жетістіктерімен бөлісіп, өзекті мәселелер де талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары азаматтарды ашық әрі еркін пікір алмасуға және сұхбаттасуға шақырды. Ашық, еркін форматта жүргізілген кездесуде өңірдегі барлық ұлт пен ұлыс өкілдері бас қосты. Этномәдени бірлестік өкілдері қоғамдық келісім пен ұлтаралық татулық аясында жүргізіліп жатқан шараларға тоқталды. Облыс әкімінің орынбасарына ұлт пен ұлыстың бірлігін арттыруға қатысты сауалдарыи мен өзекті мәселелерін айтып, толыққанды жауап алды. Жиында көтерілген басты мәселе – ауыл жастарының жұмыссыздығы. Бұл жайт жасырын емес, нәпақа іздеп, шетел асқандар көп. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, осы үрдістің алдын алу үшін «Ауыл аманаты» жобасы арқылы қаржыландыру биылдан бастап қарқынды жүрмек. Өңірімізде 856 ауыл болса, осы жобаға оның қырыққа жуығы енді. Яғни әзірге пилоттық режимде жүргізіледі. Нәтижесіне қарай жыл сайын қатысатын ауылдар саны артады. Бұл жаңалық жиындағы жұртты қуантты.