Қарнақ ауылында жарық жоқ

Илон Маск айға туристтік жол саламын деп жүргенде, біздің халық әлі күнге жарыққа жарымай жүр. Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылының халқы 2 жылдан бері шам жағып күнелтуде. Ең қызығы инфрақұрылымнан мүлдем мақұрым ауыл, облыс орталығынан 30-ақ шақырым жерде орналасқан. 200 жыл бұрын пайда болған электр қуатына әлі күнге қол жеткізе алмай жүрген тұрғындар тағдырын Алтынбек Әмит баяндайды.   Муниса Ибрагимованың 2 жылдан бері көргені осы. Мектеп жасындағы 4 баласының жағдайын жасау үшін генератор қосып, ол бұзылса шам жағып күнелтеді. Басқа амалы жоқ. Атқамінерлерге арызын арқалап талай рет барыпты. «Жасаймыз», «жақсартамыз» деген жаттанды сөздерді естіп, әбден шаршаған жас ана «телеарнаға жүгінуден басқа амалым қалмады» - дейді.  МУНИСА ИБРАГИМОВА – ҚАРНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Жарық жоқ болған соң азық-түлікті сақтайтын тоңазтқышымызды да қоса алмай қалдық. Екі ай бұрын бұзылған тағам жеп балам өлім аузынан қалды... Мәселе тек электр қуатының жоқтығы ғана емес. 2013 жылы пайдалануға берілген жер учаскелеріне су, жол секілді инфрақұрылым жүйлері мүлдем жүргізілмеген. Әкімдіктен әрекет болмағандықтан 4-5 үйдің тұрғындары өзара қаржы жинап, жолға тас төсетіпті. Бірақ, ол ақша 100 метр жерге ғана жеткен.  КАМАЛ – ҚАРНАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ - Кентаудың әкімімен кездесуде де бұл мәселені көтердік... Ал ауыл әкімдігі кінәраттың барлығы «Оңтүстік Жарық Транзиттен» дейді. Осыдан тура екі ай бұрын жарыққа жауаптылар тұрғындарға «аптаның аяғына дейін жұмысты аяқтаймыз» деп уәде берген. Бірақ, аптаның аяғы емес жылдың соңына жетседе, Оңтүстік жарық әрекетсіз отыр екен.  БАХТИЁР ШАЙЛАВОВ – ҚАРНАҚ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Біз жауаптылардың барлығына хат жолдағанбыз... Ауыл әкімдігі тарапынан шыныменде жауаптыларға бірнеше рет хат жолданыпты. Ең қызығы дәл біздің түсірілім топ жағдайды анықтауға барған кезде аяқ асты жарық трансформаторы әкелініп, оны орналастыру жұмыстары басталып кетті. Осылайша 2 жылда шешімін таппаған мәселе, 2 сағатта шешілді. Тұрғындар енді тас жолымыз бен ауыз суымыз тартылса, заман ағысына ілесіп кетер едік деп отыр.   

Читать источник turkistan.tv
Сирияда террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық сотталды
Бал ашуға тыйым салынады: Мыңдаған көріпкел мен емшілер құрықталды
Ұшақта кішкентай қызға тиіскен ер адам жазаланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды
«Күретамыр» – ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған туынды
Қазақстанда жүк көлігі пойызға соқтығысты
Жетісу облысында "Қоғалы – халқымның көңілі жоғары" атты кеш өтті
Сапасыз қызмет үшін шағым жасады
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Шырша безендіру: Семейде биіктен құлаған мұғалімге ота жасалды