Қарсы бағытқа шығып кеткен түркістандық жүргізуші жауапқа тартылды. Бұған дейін желіде қарсы бағытқа шығып, жүйткіп келе жатқан көліктің видеосы тарады. Жол ережесін бұзған жүргізуші Сарыағаш ауданының тұрғыны екені анықталған. Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жігітке қатысты 2 бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ал, темір тұлпары айыптұраққа қойылды.