Қарттар күніне және Республика күніне біржолғы материалдық көмек беріледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың айтуынша, бүгінде жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ кәсіпкерлердің ақшасына егде жастағы адамдарға сан алуан көмек жасалады. Биыл қос мереке кезінде біржолғы ақшалай көмек те беріледі. Ресми мәліметке сәйкес, Қазақстанда 2,3 миллион зейнеткер тұрады. «Қарттар мерекесіне орай Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан […]