Бүгін Шымкент қаласында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы салтанатты жағдайда шығарылып, Мемлекеттік Гимні шырқалып, көпшіліктің рухын көтеріп тастады. Салтанатты жиынға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жауынгерлерді мерекесімен құттықтады. —Бұл – халқымызға тән батырлықтың және Отансүйгіштіктің мерекесі. Бабаларымыз ақ білектің ұшымен, ақ найзаның күшімен […]