Бүгінде қаржылық сауаттылықты арттыру жөнінде түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Тұрғындардың қарызсыз өмір сүріп, қолындағы қаржыны тиімді пайдалану жөнінде түрлі түсіндіру, ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілуде. «Қарызсыз қоғам» бағдарламасының қатысушысы, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны Сағидулла Жұматаев жобаға қатысу арқылы қосымша табыс көзін реттеп, несиесін төлегенін айтты. «Жақында ұлым Астанадан үй аламын деп, оған 3 миллион теңге жетпеді. […]