Шымкенттік ақын Қажымұқан Абзалов ерекше челлендж бастады. Өнер иесі тұрмысы төмен және белгілі бір себептерге байланысты қаржылық тапшылыққа тап болған бейтаныс тұрғындардың азық-түлік дүкендеріндегі қарыздарын төлеп кетіп жүр. Игі істің бірнеше видеосын ақын ТікТок парақшасында жариялаған. Оның бірінде Қажымұқан Абзалов қасындағы досына жақсы істі бірге жасауға ұсыныс айтады. «Ойланып келе жатырмын. Әдемі машина мініп, әдемі […]