Өткен жылдың қараша айында Еңбекші ауданында Қамысты көшесіндегі кәріз құбыры жарылды. Салдарынан Ахмет Мәметов көшесінде орналасқан 4 тұрғын үйдің аумағы мен балабақша ауласы су астында қалды. Апаттан зейнеткер Людмила Панкратованың үйі зардап шеккен болатын. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков су басқан аймақтың тұрғындарымен арнайы кездесіп, мәселемен танысқан еді. Осы орайда «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС компаниясының басшылығы […]