Шетелде тұратын этникалық қазақтарға Қазақстанда өз кәсібін ашу үшін америкалық Грин-картаға ұқсас «Ата жолы» картасы беріледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Үкімет әзірлеген «Ашық Қазақстан 500+» атты көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасында этникалық көші-қон мәселесі реттелген. Құжатқа сәйкес, Қазақстан шетелде тұратын этникалық қазақтардың әлеуетін пайдалануды жоспарлап отыр. «Осы мақсатта «Ата […]