Қазақстанда Каспий теңізінің ғылыми-зерттеу институты құрылады. Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті қаулының жобасын әзірледі, деп хабарлайды ведомстврның баспасөз қызметі. Институт Каспий теңізінің экологиялық және су деңгейінің төмендеу мәселелерін, итбалықтармен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалықтарының популяциясын сақтау, ихтиофаунаны, акваториясы мен Каспий жағалауын зерттейтін болады. Сондай-ақ Каспий бойынша шекаралас мемлекеттердегі әріптестермен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз […]