Кәсіпкер «Азаматтарға арналған үкімет» ҚЕ АҚ-ы Түркістан облысы бойынша филиалы Төлеби аудандық бөлімшесі қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағым келтірді. Бизнес өкілінің шағымында бөлімше қызметкерлері өзіне тиесілі жер телімін мемлекеттік тіркеу үшін баж салығын бекітілген тарифтен жоғары сомада төлеуді талап еткенін көрсеткен. Бөлімше қызметкерлері түрлі себептерді алға тартып, кәсіпкердің жер учаскесін тіркеуден 1,5 жылдың ішінде 3 рет […]