Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында прокуратура қызметкерлерімен бірге семинар ұйымдастырылды. Жиында биылдан бастап кәсіпкерлерді тексеруге жарияланған мораторийдің тоқтатылуына байланысты тексеру тағайындау, жүргізу тәртібі мен ережелері талқыланды. ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің аға прокуроры Марат Бейбіттің айтуынша, кез келген тексеру прокуратура базасында тіркелуі тиіс. «Айта кететін жайт, […]