Ірі бизнес субъектілері салық төлеген кезде қаңтар оқиғасы кезінде келтірілген шығынды шегере алады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері мәлімдеді. Мысалы, Төтенше жағдай кезінде тауары бүлініп немесе жоғалған жағдайда корпоративті табыс салығын есептегенде залал сомасын алып тастай алады. Яғни салық мөлшері азаяды. Ол үшін қылмыстық қудалауды жүргізетін органның салық төлеушіні жәбірленуші деп тану туралы қаулысының […]