Бүгінде қазығұрттық кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетілуде. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілген болатын. Соның арқасында бүгінде кәсібін ашуға ниеттілер құжаттарын дайындауда. Одан бөлек, кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарының да атқарып отырған жұмыстары ауқымды. Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы «Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетіп келеді. Мұнда 3 бағыт бойынша […]