Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында Сауда және қызмет көрсету салалық кеңесінің отырысы өтті. Жиынға Палата басшылары, Шымкент қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшылары, аудандық басқармалардың мамандары, дін өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты. Кеңес отырысында көпшілік тамақтану орындарындағы қауіпсіздік туралы түсіндірілді. «Қоғамдық орындарда, көпшілік тамақтану нүктелеріндегі азық-түлік қауіпсіздігінің сақталуы – аса маңызды. Жуырда әлеуметтік желіде картоп қытырлағы өнімінің […]