Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы «Тігін өндірісі» курсын бастады. Бұл жоба «Мен – кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетті дамыту» құралы аясында жүзеге асырылып жатыр. Осы мақсатта курсқа қатысушыларды Art School тігім мектебінің басшылығы Шымкенттегі үй текстилін тігетін ірі фабриканың бірі – AGF Group кәсіпорнына алып барды. – Мұндағы мақсатымыз – бастауыш кәсіпкерлер мен […]