Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңға жуық жұмысшының құқығын қорғады. Оларға 1,3 миллиард теңге жалақы берешегі өтелді, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 175 кәсіпорынның 10 мың жұмысшының алдында 1,7 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешегі барын анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті […]