Бүгінде Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылдық жерлерде тұрады. Президенттің тапсырмасына сәйкес шалғайдағы елді мекендерде өмір сүретін азаматтардың әл-ауқатын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асуда. Мәселен, қазіргі уақытта кәсіппен айналысқысы келетіндерге 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру және субсидииялау жұмыстары жүріп жатыр. Осы орайда Түркістан облысының әкімі жергілікті бұқарамен кездесіп, бизнес бастағысы келген адамдарға әрқашан қолдау […]