Түркістан облысы, Отырар ауданында республика күні аталып өтті. Мерекелік жиында ауданның құрметті азаматы атанған қоғам белсенділері мен алтын құрсақты көпбалалы аналарға арнайы төсбелгілер табысталды. Сонамен қатар, жиында өмірдегі өнегелі жолы, еңбектегі ерен жетістіктерімен құрметке бөленіп жүрген азаматтар облыс және аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Қастерлі мерекенің құрметіне орай ауданда жаңа спорт нысандары пайдалануға берілді. Сондай-ақ, Құлбек Ергөбек бастаған ел ағалары мерекеге арнайы қойылған көрмемен танысып, ұсыныс тілектерін ортаға салды. Шара соңы жас өнерпаздардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.