Аязды күндері саудалап отырған көкөністері үсіп қалған сатушылар шығынға батты. Дегенмен бұл қиындыққа қарамастан баға көтерілген жоқ. Ал өнім өндіруші шаруалар биыл дала жұмыстары кеш басталуы мүмкін екенін айтады. «Бүгін күн жылы болады деген соң базарға шықтық», – дейді Феруза Бегметова. Ол аязды күндері саудаланбай қалған барлық өнімдерін үйге жеткізіпті. Мұнда қалса аязда […]