Табиғи-климаттық жағдайы күрделі шекара маңындағы елді мекендер үшін электр энергиясына төмендетілген тариф белгіленеді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі ашық талқыға шығарған Ауылдарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған. «Шекара маңындағы ауылдарда тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, сумен, электрмен, жылумен және газбен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. […]