Қайнарбұлақ тұрғын алабы биыл табиғи газбен толық қамтылады. Бұл туралы тиісті басқарма өкілдері мәлімдеді. Аумақты көгілдір отынмен қамту үшін 10 млрд. теңге бөлінген. Жұмыс екі кезең бойынша жүзеге асырылады. 2024 жылға дейін жұмыстың тең жартысы орындалып, 50 пайыз қаражаты игерілді дейді жауаптылар. 60 мыңнан астам халқы бар тұрғын алап биыл толық табиғи газға қол жеткізеді. […]