Қазақстан үкіметі «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС-ын құрды. Тиісті құжат нормативтік-құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі сайтында жарияланды. Компанияның жарғылық капиталына 100 пайыз мемлекет қатысады. ЖШС-ны қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті басқарады. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңда және басқа да заңдарда белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу серіктестік қызметінің […]