Қазақ елі Көпен Әмірбекті ақтық сапарға шығарып салды

Отырарда танымал сықақшы, қарымды жазушы, журналист, қоғам қайраткері Көпен Әмірбекті ел жұрт соңғы сапарға шығарып салды. Халықтың сүйікті ұлымен қоштасу рәсімі кіндік қаны тамған Шәуілдірдегі «Мәдениет сарайында» өтті.  Ел жұрт қағытпа қалжынның шебері, ақын, жазушы Көпен Әмірбекті бүгін  соңғы сапарға шығарып салды. Қазақ сатирасына өшпес із қалдырған Қазақтың Көпенімен қоштасуға жиналған жұрттың қарасы мол. Марқұмның туыстарына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сенат және Мәжіліс төрағалары, бірқатар министрлер және облыс, қала әкімдері көңіл айту хаттарын жолдапты.  Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының, Парасат орденінің иегері небәрі 72 жасында дүниеден өтті. Жиылған жұрт марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, естеліктерімен бөлісті.  Саналы ғұмырын қасиетті сахнаға арнаған әйгілі сықақшыны қалың ел қимастықпен өзі еңбек жолын бастаған киелі сахнадан шығарды. "Қазақ әдебиеті", "Егемен Қазақстан" газеттерінде сатира, фельетон бөлімінің меңгерушісі, "Білім және еңбек", "Ара-Шмель" журналында жауапты хатшы, Республиканың Бас прокуратурасы мен Жоғарғы Сотта баспасөз хатшысы болып ұзақ жылдар абыройлы қызмет істеген біртуар азамат әулетімен журналистикаға жанашыр болатын дейді ҚР Журналистер Одағының  Түркістан облыстық филиалының төрағасы. Көпен Әмірбек тіпті өмірінің соңғы күндері төсек тартып, ауырып қатты қиналып тұрса да "Ара" журналының әрбір басылымын өзі тексеріп, қадағалап отырған екен.  Қош бол, қазақтың Көпені.

Читать источник turkistan.tv
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Қазақстан біріншілігі финалына шыққан барлық боксшы анықталды
«Әні ұнамады»: Роза Әлқожа сіңілісіне тосын сый жасады (ВИДЕО)
Алматы мәслихаты алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бірыңғай стандартын бекітті
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Шерзаттың әкесінің жағдайы белгілі болды
Ләйлә Сұлтанқызының шетелге кеткен ұлы оралды
Биіктен құлаған мұғалім: қала әкімінің орынбасары сөгіс жарияланды
Алматыда «Ғабит Мүсірепов» энциклопедиясының тұсауы кесілді
Тұрсынбек Қабатовтың әйелі қос бірдей қуанышын айтты
Ресей, Қытай және Үндістан жасанды интеллект саласында күш біріктіруде
Мәжіліс депутаттары Air Astana басшысына ескерту жасады
Заңсыз шырша кескендер қатаң жазаланады
Елде 100 жастан асқан азаматтардың құжаттары жаңартылды
«Ұзындығы 18 метр – Томирис»: Бас шыршаның шамын жағу сәтінде шыққан өрттің себебі анықталып жатыр…  
25 желтоқсан – жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп тіркелетін күн
Қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр?
Қостанай облысында автокөлік шығаратын зауыт салынады
Адамдардың тылсым күшке сенуі білім деңгейіне байланысты болады – зерттеу
Фаст фуд депрессия ықтималдығын 4%-ға арттыратыны анықталды
Отшашуды қай жерде қолдануға болмайды
Биыл 3 мыңнан аса адам өлімнен құтқарылды
Танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан күдікті ұсталды