Түркістан облысында қыздар арасында әлемнің ең үздік 500 жас теннисшісінің қатарында бар бұрымды тұрады. Әдемі Амангелді қазір аймақтың ең үздік теннисшісі әрі еліміздің бірнеше дүркін чемпионы болып үлгерген. Болашағынан үміт күттіретін теннисші қымбат спорт түріне қалай келді? Шетелдік корттарда ел намысын қорғауды армандайтын арумен тілшіміз сұхбаттасқан еді.