Қазақ-өзбек шекарасында кептеліс. Жаз айларында жағдай тіптен қиындауы мүмкін. Өйткені екі ел арасындағы 3 бірдей өткізу бекеті кешенді жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жабық тұр. Оның үстіне биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасында алыс-берісі артады – деген жоспар бар. Олай болса, өткізу бекеттерін 600 мың жүк көлігі кесіп өтуге тиіс. Былтыр бұл көрсеткіш 500 мыңның шамасында еді. […]