Бүгінде цифрлық технология тіл үйренудің тиімді құралдарының біріне айналды. Әсіресе қазақ тілін заманауи форматта меңгертуге арналған түрлі жобалар көбейіп келеді. Шымкентте ІТ және тіл саласының мамандары бас қосып, осы бағыттағы жұмыстарды талқылады. Жиында қазақша сөйлеуді үйрететін жаңа бастамалар таныстырылып, олардың мүмкіндіктері көрсетілді. Қазір смартфон – ақпарат іздейтін ғана емес, білім алатын құралға да айналды. […]