Қазақстан азаматтары үшін Байқоңыр қаласына кіріп-шығу тәртібі жеңілдетіледі. Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы рәсімдеген келісім 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Ресейге жалға берілген ғарыш айлағы ерекше күзетіледі. Айналасы қоршалған. Ал қалаға арнайы бекеттер арқылы кіргізеді. Бейнебақылау жүйесі де бар. Байқоңырда тұратындар қалаға туыстарын, я болмаса, достарын кіргіземіз десе, барлық құжатты алдын ала жіберуі керек. Оны комиссия тексереді. […]